18 қараша 2022 11:55 admin

КИМЭП - Ашық есік күні

Қараша айының 19-жұлдызында Ақтау қаласы, «Ренессанс» қонақ үйінде КИМЭП университетінің мектеп бітіруші түлектер мен студенттерге арналған Ашық есік күні өтеді. Ашық есік күніне байланысты колледжімізге арнайы шақырту келген болатын. Шақыртулар нәтижесінде Мансап орталығының жетекшісі бітіруші топтарға КИМЭП университеті туралы ақпарат беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

КИМЭП университеті елімізде 1992 жылы іргетасы қаланған, түрлі ұлт өкілдерінің бәріне ортақ университет. Негізгі кампусы Алматы қаласында орналасқан. Университет ағылшын тілінде 31 білім беру бағдарламасын ұсынады. Соның ішінде 14 бакалавриат, 12 магистратура мамандықтары бар.Университет өзінің іс жүргізу, экономика, халықаралық қатынас, халықаралық құқық және шет ел тілдері бағдарламалары бойынша танымал. КИМЭП түлектері «Үлкен үштік», «Үлкен төрттік» («Большая четверка», «Большая тройка»), халықаралық FCMG компаниясы сынды жергілікті және халықаралық компаниялар арасында жоғары сұранысқа ие.

Түсіндірме барысында оқуын жалғастыруды жоспарлап отырған біздің түлектеріміз университет туралы қызыға ақпарат алып, өздерінің көкейтесті сұрақтарын қойып, кейбірі ғаламтор желісінен КИМЭП университеті туралы тағы да ақпараттарды қарап үлгерді.Студенттеріміздің осындай алғырлығына сүйсініп, колледжімізге арнайы шақырту жіберген КИМЭП университетіне алғыстымыз!